jobBox
Koshekova Ainur
Обновлено: 18-06-2025

Koshekova Ainur

Кандидат наук / Ассоциированный профессор
Scopus author:
Институт филологии
Кафедра казахской литературы

Автобиография

Өмірбаян

 

 Көшекова Айнұр Арғынтайқызы 1971 жылы 8-наурызда Шығыс Қазақстан облысы,  Тарбағатай (Ақсуат ауданы), Көкжыра ауылында дүниеге келген. 1988 жылы орта мектепті бітіріп, осында 2 жыл тәлімгер болып жұмыс істеді. 1990 жылы Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының даярлық бөліміне оқуға қабылданды. 1991 жылы Филология  факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқуға түсіп, оны 1996 жылы үздік дипломмен тәмамдап, осы жылы «030700-Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша аспирантураға қабылданады. 1999 жылы аспирантураны бітіріп шықты. 1999 жылдан 2024 жылға дейін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, қауымдастырылған профессор, профессор м.а.  болып қызмет жасайды. Кафедрада 2021-2023 жылдар арасында бағдарлама көшбасшысы болды. 

1996 жылы «Қазақ эпосындағы ат образы» деп ғылыми тақырыбы бекітіледі. Осы мерзім аралығында фольклортанудың іргелі зерттеу бағыты бойынша жоспарланған жұмысын белсене атқарады. 2009 жылы 3-шілдеде  М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының диссертациялық кеңесінде «Қазақ эпосындағы ат образы» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады. 

          А.Көшекованың баспасөз беттерінде 100-ге жуық ғылыми мақаласы, «Шешендік өнер», «Фольклорлық практика», «Халық ауыз әдебиеті» атты оқу құралдары, қазақ-ағылшын тілдерінде «Қазақ эпосындағы ат образы» деген ғылыми монографиясы жарық көрді.

 А.А.Көшекова –  фольклортануда жеке қолтаңбасымен келген зерттеуші әрі жоғары оқу орнында ұзақ жыл еңбек сіңіріп, білім берудің жаңа технологиясына өзіндік өрнек қалдырған тәжірибелі ұстаз. Келешек ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрби  беру және әдеби үдерістегі ғылыми айналысқа үн қосу – ғалымның басты қағидасы.

«2019 жылғы ЖОО үздік оқытушысы» грантының  игері.

А.А.Көшекованың еңбектері ескеріліп, Министрліктің,Университет, институт, кафедра тарапынан алғыс хат пен құрмет грамоталарымен  және Алмалы аудандық әкімдігінің алғыс хатымен, Университеттің 70 жылдық мерекесіне байланысты «Құрмет белгісі» төсбелгісімен, Қоғамдық марапаттар мен атақтар жөніндегі Кеңестің «Білім беру саласының үздігі» құрметті атағымен /куәлік № В787/  марапатталған. 

Отбасылы, үйленген, екі баласы бар. Қазіргі уақытта Алматы облысы, Іле ауданы, Байсерке ауылында тұрады.

 

 

 

 

 

Образование

Образовательное учреждение Квалификация Год окончания
Казахские женские педагогические институты Факультет филологии 1996
Казахские женские педагогические институты Факультет филологии 1999

Ученая степень

Наименование ученой степени Специальность / Образовательная программа Год выдачи диплома
Кандидат фольклористика 2010

Ученое звание

Наименование ученого звания Год присвоения
Доцент 2019
Доцент 2010

Награды

Наименование награды Год присуждения
1. За огромный вклад в развитие Казахского государственного женского педагогического университета и активную деятельность награждена благодарственным письмом ректора. 2013 г. 2013
2. Награжден юбилейной медалью «Знак Почета» за вклад в развитие Казахского государственного педагогического университета. Свидетельство № 318 Алматы, 02.09.2014. 2014

Учебно-методические материалы

Книги, монографии

Научные статьи