jobBox
Zaykenova Ruda
Обновлено: 03-12-2024

Zaykenova Ruda

Доктор наук / Профессор
Scopus author:
Институт филологии
Кафедра казахской литературы

Автобиография

Зайкенова Руда (6.08.1957 ж.т., ШҚО, Абай ауд., Сарғалдақ с. қазіргі Тоқтамыс аул.) – фил.ғыл.докт. (2010), профессор (2011). 1981ж. Қазақ мемл. қыздар пед. ин-тын (қазіргі  Қазақ мемл.қыздар пед. ун-ті) бітірген. 1981-1982 жж. ШҚО Абай ауданы, Қарауыл селосындағы «Абай ауылы» газетінде радио және газет тілшісі, 1983-1986 жж. М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аспиранты, 1986-1990 жж. Ы.Алтынсарин атындағы Білім проблемалары ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкері, 1990 ж. бері ҚазМемҚызПУ-дің доценті, 1995-1999 жж. осы инститтуттың ғалым-хатшысы, 1996-1999 жж. Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессоры.

Зайкенова Руда – әдебиеттану ғылымында қазақ әдебиеті тарихына жеке қолтаңбасымен келген зерттеуші әрі жоғары оқу орнында ұзақ жыл еңбек сіңіріп, білім берудің жаңа технологиясына өзіндік өрнек қалдырған тәжірибелі ұстаз. Келешек ұрпаққа жетелі білім беру және әдеби үдерістегі ғылыми айналысқа үн қосу – ғалымның басты қағидасы.

Негізгі ғыл. бағыты – ХVІІІ ғасырдан тәуелсіздік алғанға дейінгі қазақ әдебиетінің даму кезеңдерін тарих шындығына сай көркем шындық тұрғысынан ашу. 2010 жылы «Қ.Жұмаділов шығармашылығы: тарихилық, деректілік және көркемдік шешім» атты тақырыпта Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де докт. дисс. қорғаған. 300-ден астам ғыл. еңбектің, оның ішінде – 2 монография, 30-дан астам оқулық,  оқу-әдістемелік құралының авторы. Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін берілген 

 «ҚР Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері, Ы.Алтынсарин атындағы және «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласының Үздік ғылыми қызметкері», ҚР  Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін,  Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медальдерінің иегері. 

          

 

 

Образование

Образовательное учреждение Квалификация Год окончания
Казахский государственный женский педагогический институт. Филологии 1981
Аспирант Института литературы и искусства им. М. О. Ауэзова Филологии 1986

Академическая степень

Наименование академической степени Специальность / Образовательная программа Год выдачи диплома
Бакалавр Қазақ тілі мен әдебиеті 1981
Магистр Қазақ тілі мен әдебиеті 1986

Ученая степень

Наименование ученой степени Специальность / Образовательная программа Год выдачи диплома
Доктор казахский язык и литература 2010

Ученое звание

Наименование ученого звания Год присвоения
Доцент 1990

Награды

Наименование награды Год присуждения
«ҚР Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері 2011
Педагогикалық қызметтегі табыстары үшін Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгісі 2013
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласының Үздік ғылыми қызметкері» 2014
ҚР Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін 2023
Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін төсбелгілерінің иегері 2024

Учебно-методические материалы

Книги, монографии

Научные статьи